Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Тағы да айқай-шу

Тағы да айқай-шу. Интернетте де, көшеде де. Шетел көліктерін тіркеу немесе Қазақстаннан шығару мәселесі. Жалпы шетелдік көлік алған азаматтар! Көлікті сатып аларда ойлану керек еді. Бұл көлікті Қазақстанда қанша уақыт айдай аламын?-деп. ⠀ Уақытша нәрсе үшін миллиондаған ақшаны шетелге шығарып, шетелдің жол апатынан көз ашпаған, қисайған, шіріген, с виду жылтыраған машиналарын алып келіп, енді біз ол машинасыз не істейміз, таксовать етіп, отбасымызды асырап жүрміз деп ақталуды. Егер отбасын асырау үшін таксовать ету керек болса, неге сол тайоталарға жұмсаған миллион ақшаңызға, Қазақстанда тіркелген, нормальный машина алмадыңыз. Сол сіз құртқан ақшаңыз. Біріншіден: Қазақстанда қалатын еді Екіншіден: Қазір Қазақхстанский көлікпен смело жүретін едіңіз. Үшіншіден: Шетелдік көлігім өз бағасына өтпейді деп уайымдамайтын едіңіз. Бұл не деген батпан құйрық, тегіннен тегін айдалада жатқан құйрық! деген барғо. ⠀ Ал, енді не себепті Армения, Қырғызстанның көліктерін Қазақстанда айдауға болмайды десеңіз?! Бұған менен шағын ғана жауап: Жалпы, Қазақстан, Ресей, Белоруссия 2010 жылы 1 қаңтарда ЕуроОдақ аясында Кедендік одақ құрып, өзара тауар айналымына рұқсат берілді. Осының нәтижесінде Ресей, Белорусь көліктері әзірге Қазақстанда еркін жүре алады. Ал, Армения мен Қырғызстан да бұл Кедендік Одақта мүшеғо, бұлардың көліктері не үшін Қазақстанда жүруге болмайды дейсізғо енді.

Оған да жауап: Бұл екі мемлекет Кедендік Одаққа соңынан кіргендер және де басқа мемлекеттер мен дәл осындай Одақ құрып, сол жерде мүше болуына байланысты болып тұр. Бар әңгіме осында. Бұл ақпаратты мен полиция бөлімігің қызметкерлерінен біліп алдым және түсінгенім осы. Мен де адаммынғо, кей жерін ұқпай қалып, қателесуім де мүмкін. Бірақ негізгі мәселе осы.

А, иа. Мен тағы да сіздермен біргемін!

2
0
957

Осы тақырып бойынша

Тағы да айқай-шу - Yvision.kz