Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

2016 жылғы Ораза 6 маусымда басталады

Рамазан - он екі айдың сұлтаны

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді».

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару.


 

Рамазан айы – сабырлыққа шақыратын , құлшылық жасауға, амалдарымызды игі істермен толтыруға арналған қасиетті айлардың бірі. Азаннан кеш батқанша дейін тамақтан бас тартқанымен, рухани азықпен сусындайтынымыз анық. Бір сөзбен айтқанда, Рамазан айы адамның өз нәпсісімен күресетін уақыты. Ал егер кімде кім бұл айды осылай қабылдамаған болса, ол адам үшін Рамазан бос өтті деуге болады, яғни ешқандай рухани байлық ала алмайды.

Рамазандағы сауапты 30 амалдың кестесі

Сол себепті, назарларыңызға Алла қаласа, мұсылмандардың құлшылығы мен уақытын жүйелі өткізуге көмектесетін «Рамазандағы сауапты 30 амалдың кестесін» ұсынамыз. Амалға асырып және де барынша мол сауапты амалдармен толтыруға тырысыңыздар. Рухымызды тазартып, ниетімізді түзу ұстайық. Алла Тағала осы жолда баршамызға жәрдем берсін!

 

4
0
3248

Осы тақырып бойынша

2016 жылғы Ораза 6 маусымда басталады - Yvision.kz