Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

3 жыл бойы кәсіпкерге жер беру жұмыстары жүргізілді

3 жыл ішінде кәсіпкер пайдалы қазбаларды өндіруге оң лицензиясы болған жағдайда да жер учаскесін ала алмады.

2019 жылы Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерге Талғар ауданында орналасқан жер қойнауы учаскесін көрсете отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия берді.

Осы лицензия негізінде облыс әкімдігі ауданы 0,8 га жер учаскесін беруге тиіс еді.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген әуре-сарсаңдар мен уақтылы шаралар қабылдамау қаңтар оқиғалары кезінде кәсіпкердің құқық белгілейтін құжаттары мен өтініштерінің жоғалуына әкеп соқтырды.

Бұл кәсіпкердің "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментіне жүгінуіне негіз болды.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды, одан кейін облыс әкімінің кәсіпкерге сұралып отырған жер учаскесін беру туралы қаулысы шығарылды.

Кәсіпкердің заңды құқықтары қорғалған.

0
0
327

Осы тақырып бойынша

3 жыл бойы кәсіпкерге жер беру жұмыстары жүргізілді - Yvision.kz