Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Ақтөбеде квазимемлекеттік орган кәсіпкерге шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартқан

Кәсіпкер Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне уәкілетті органның келісім шарттағы қалдықтарды қабылдау міндеттемелерін орындамауы бойынша өтінішпен жүгінген болатын.

Өтініште кәсіпкер ағымдағы жылдың 27 қаңтарында олармен 100 тонна көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау бойынша шарт жасалғандығын көрсеткен. Алайда, алдын-ала жасалған төлемге қарамастан, квазимемлекеттік орган қызметкерлері шартта көзделген міндеттемелерін орындаудан бас тартып, өз кезегінде кәсіпкердің толыққанды жұмыс атқаруына кедергі келтірген.

Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мүдделі тұлғалардың қатысуымен кездесу өткізіп, тиісті ұсынымдар жолдады. Нәтижесінде аталған мәселе шешіліп, шартта көзделген міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілді.

0
0
322

Осы тақырып бойынша

Ақтөбеде квазимемлекеттік орган кәсіпкерге шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартқан - Yvision.kz