Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Конституциялық сот

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар өз құқықтарын қорғау үшін Конституциялық сотқа жүгіне алады. Бұрынғы Конституциялық кеңеске қарапайым азаматтың тікелей жүгіну құқығы болмаған еді. Азамат Конституциялық сотқа келесі жағдайда өтініш бере алады: 1. Сот дауында қолданылған заң немесе құқықтық актіні даулау үшін. Өтініш сот шешімі шыққан уақыттан бастап бір жыл ішінде берілуі тиіс және іс бойынша апелляциялық шағым түсірілген болу керек. 2. Сот дауы бойынша апелляциялық шағым берілмесе де, дауланып жатқан заңның қолданылуы туралы Жоғары соттың не мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмесі болса. 3. Заңның сот дауынсыз-ақ адамның құқықтарын шектеу түрінде қолданылатыны анық болса. Өзімде бірнеше іс бойынша Конституциялық сотқа жүгіну ойым бар. Олар жайлы каналда жазатын боламын.

0
0
598

Осы тақырып бойынша

Конституциялық сот - Yvision.kz