Ақмола облысында Тұңғыш Президент Күні қарсаңында Жастар форумы өтті
Тұңғыш Президент Күні қарсаңында «Рухани жаңғыру - жастарға жарқын жол» ұранымен өткізілген Зеренді ауданының жастар форумы өтті.
«Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жастарға үлкен көңіл бөледі. Мемлекет басшысының биылғы 5 қазанда жастар саясатына жаңа серпін беріп, Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылы жастар жылы болатындығын атап өтті. Қазақстан жастары Тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ. Мен осы залда біздің жас Зеренділіктерді - патриоттық тәрбиеленген, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қабылдауға дайын жастарды қабылдауға қуаныштымын. Сіздер біздің ауданымыздың жастарының ең белсенді және жауапкершілікті өз қолдарына алуға дайын үлесісіздер», - деді облыс әкімі Мереке Мұстафин.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні қарсаңында әр түрлі салалардағы жетістіктерге арналған бірқатар жас Зеренділіктерді аудан әкімі алғыс хаттармен марапаттады.
