Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Ақмола облысында жас мұғалімдердің бірінші форумы өтті

Ақмола облысының «Педагогикалық дебют» жас педагогтарының алғашқы форумы жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық циклінің мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндерінің оқытушылары бес жылға дейінгі оқыту тәжірибесі бар және оқыту әдістемесі бар 100-ге жуық қатысушыларды жинады.

Жастарды, жас ұстаздарды қолдау болашақ ұрпақты қолдаумен тең. Елдің ертеңін көремін десең, мектебін көр демекші, осындай жиналыстар, тәжірибе алмасы кештері жас, еңбек жолын енді бастап жатқан ұстаздарға аса қажет, әрі пайдалы.

Облыстың жас мұғалімдеріне «Үздік мұғалім - 2018» республикалық байқауының жеңімпаздары Дана Искакова және Наталья Семкина тәжірибелі ұстаздарға мастер-класстар көрсетті; сонымен қатар, тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар арасында «Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік оқытушысы» облыстық байқауының жеңімпазы Дамир Сураганов, VI республикалық физика, математика, информатика мұғалімдерінің Баян Мухиденова атындағы III Республикалық конкурсының дипломының иегері де болды.

Форум аясында қашықтан жарыс өткізілді, онда жас оқытушылар өз кәсіби қызметі туралы портфолио және бейнематериалдар ұсынды.

Қашықтықтан байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, ақшалай сертификаттармен, «Іскер-педагог», «Өнерлі-педагог», «Жаңашыл педагог» дипломдармен марапатталды.

0
0
500

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысында жас мұғалімдердің бірінші форумы өтті - Yvision.kz