Мазмұнға өту
Обложка сообщества Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында жаңа үйлердің жаппай құрылысы басталды

Ақтөбе облысының тасқын судан зардап шеккен аудандарында жаңа баспаналардың құрылысы басталды.
undefined
Мысалы, Қобда ауданының орталығында 120 жаңа үй тұрғызылады. Қазір бекітілген мердігерлер жер өлшеу жұмыстарын жүргізіп, іргетасын қалауға кірісіп кеткен.

Бұл ауданда қарғын су 292 ауланы басқан. 150 үй апатты деп танылып отыр. Бұл сан әлі де өзгеруі мүмкін. Себебі комиссия жұмысы аяқталған жоқ. Соған қарамастан жаңа үйлердің құрылысы ұзаққа созылмай басталып кеткен.

"Шаруа қожалықтардың, жеке қосалқы шаруашылықтардың өздерінің арыз-шағымындарына байланысты 1063 бас тіркелді. Оларға да қазір барлық қызметтер жұмыс жасап, ветеринарлық қызметі, ауылдық округ әкімдері жұмыстарын жүргізіп, төлемақылары төлене бастады", - дейді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев.
Жалпы Ақтөбе облысында 4,5 мыңға жуық үйді су басқан. Соңғы деректерге сәйкес 587 жаңа баспана салынады деп жоспарланып отыр. 615-і жөнделеді. Дайын үйлерді сатып алу реті де қарастырылған.

"Сатып алатын тұрғын үйлердің саны облыс бойынша 199 болып отыр. Сатып алу тәсілі ол дайын тұрған тұрғын үйді тұрғындар өздері келісу арқылы бір-бірімен келісімшартқа отырып, аудан әкімдігі тарапынан үшжақты сол үйді бағалаушы компанияның берген бағасына сәйкес сатып алып, тез арада ол тұрғын үйге қол жеткізетін болады", - дейді Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев. .

Жергілікті атқарушы билік өкілдері алдағы екі апта ішінде Ойыл ауданында да құрылыс басталалатынын жеткізді. Қазір Қаратал ауылында қираған үйлердің орнын тазалау жұмыстары жүріп жатыр.


24.kz

0
0
382

Осы тақырып бойынша

Ақтөбе облысында жаңа үйлердің жаппай құрылысы басталды - Yvision.kz