Ақтөбе облысында Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу басталды
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстың белсенді жастарымен кездесті және олардың пікірлері мен тілектерін тыңдады.
Облыс басшысымен кездесуге 55 адам қатысты - олар НЗМ және жетекші арнайы мектеп-интернаттар оқушылары, еріктілер, спортшылар, жас журналистер, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері.
«Сіз және сіздердің барлық құрдастарыңыз үшін ел Президентінің бастамасы арқасында, 2019 жылы әрбір азаматқа жеке өсуіне, өзінің туып-өскен өлкесіне үлес қосуына мүмкіндіктер туындайды. Әркім Елбасының бастамасына, ең алдымен, гүлденген, заманауи, күшті мемлекеттің азаматы болуға өз үлесін қосуы тиіс», - деді кездесудің ашылуында Бердібек Сапарбаев.
Әңгімелесу барысында белсенділер бірқатар аудандардағы ағылшын әлеуметтік мектептерін ашуға, еріктілер қозғалысын нығайтуға, жастарға арналған мобильді қосымшаларды жасауға немесе олимпиадашыларға арналған жазғы мектепті ашуға бірнеше практикалық жобаларды ұсынды.
Кездесу қорытындысында облыс әкімі кездесу барысында айтылған барлық сұрақтардың маңызды және бүгінгі таңда шешуін талап ететінін атап өтті.
Бүгінгі күні Жолдау жастардың кәсіптік бағдарлануына, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқа білім беру мекемелерінде тәжірибесін таратуына, ірі және орта кәсіпорындарда жастар бірлестіктерін құруға бағытталған кең ауқымды шараларды қамтитындығы белгілі.
Сондай-ақ Ақтөбе облысындағы жастар жылы «Бақытты бала» өңірлік жобасының жалғасы болатынын атап өткен жөн. Жылдың басынан бері 3 300-ден астам іс-шара өткізілді, онда 100 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты. Облыста 23 ІТ класы ашылды, білім беру, мәдениет және спорт нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. 177 жаңа спорт және ойын алаңдары құрылды. Тұрғын үй жинақ шоттары мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға 80 миллион теңгеден толықтырылды, 81 жетім балаға жаңа пәтерлер мен үйлердің кілттері табыс етілді.
