Ақтөбеде сот ғимаратына «мина қойылды» деген ақпарат түсті
«24 тамыз таңғы уақытта Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәл осындай хабарлама Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына да келіп түскен», - делінген хабарламада.
Полиция департаменті жасырын хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шараларды жүргізіп жатыр.
