Ақтөбеде жоғалған 9 жастағы бала бидай резервуарынан табылды
Ақтөбе полициясының мәліметінше, 30 мамырда 2013 жылғы баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын өткізіп, оқушының болуы мүмкін барлық орындарды тексерген.
«Элеваторный көшесінде орналасқан тереңдігі шамамен 10 метр болатын бидай резервуарынан ауыр жағдайдағы кәмелетке толмаған бала табылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Полиция мен құтқарушылар кәмелетке толмаған баланы резервуардан шығарған. Енді оқушы Ана мен баланы қорғау орталығының реанимация бөлімінде ауыр халде жатыр.
