Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Алматы қаласының жастарына арналған тұрғын үй бағдарламасы қалай жүзеге асуда. 2-бөлім

Алматыда жастарды қолдау жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде «Алматы жастары» жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, ол Алматыда пәтер сатып алуды қолайлы жағдайларда ұсынады. Қаладағы жастар саясаты бөлімінің бастығы Шыңғыс Бескемпіров баспасөз мәслихатында аймақтық коммуникациялар қызметінде жоба қалай іске асырылып жатқандығы туралы айтып берді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірге «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы қарасытырылған. Бағдарлама төмен пайыздық мөлшерлемені көздейді - 10 млн. теңгеге дейін несие жылдық 5% төмен пайыздық мөлшерлемемен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, бағдарлама ұпай жүйесін ұсынады. Тізімге ену тәртібі ұпай саны бойынша анықталады.

«Жастар іріктелінетін ұпайлық жүйе әзірленді. Ол жүйе бойынша пәтерге үміткерлер Алматы қаласында бір жыл тіркелуі қажет, сондай-ақ тіркелген кез-келген ұйымдағы жарты жылдық жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс. Сондай-ақ, бастапқы жинақ болса, қосымша ұпайлар беріледі; үлкен отбасы болса, әр бала үшін де беріледі. Бюджеттік салада жұмыс істейтін адамдар үшін тағы да ұпайлар қосылуы мүмкін», - деді Бескемпіров.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша пилоттық бағдарламаның екі аптасында 6697 өтініш келіп түсті. Бұл, өз кезегінде, жастардың тұрғын үйге деген өткір қажеттілігін растайды.

2018 жылы әкімдік «Алматы жастары» жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Алматыдағы Жол картасының шеңберінде 2020 жылға дейін студенттерге арналған 20 жатақхана салу жоспарлануда. Қазір 2,5 мың орындық бес жатақхана құрылысы аяқталып келеді. 2017 жылы «Алматылық ПМУ ҰК» АҚ арқылы қаржыландырылатын жатақхана құрылысы бойынша жоба іске қосылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қаланың төрт жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалды.

Шыңғыс Бескемпіров 2020 жылға дейінгі жастарды қолдау жол картасының арқасында үш мыңнан астам жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтары арқылы IT-технологияларды пайдалана отырып, инновациялық кәсіптерде оқу курстарынан өткен. 2017 жылы 8 мың адам жұмыспен қамтылған.

0
0
473

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласының жастарына арналған тұрғын үй бағдарламасы қалай жүзеге асуда. 2-бөлім - Yvision.kz