Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Алматы облысында суармалы жерлерді ет өңдеу зауытының құрылысына заңсыз бөлген

Алматы облысы Панфилов ауданында салынады деп жоспарланған ет өңдеу зауытына қатысты шу ушыға түсті. Зауыт құрылысына бөлінген жер заңсыз болып шыққан. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел мәлім етті, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.

Бұдан бірер апта бұрын Алматы облысы Панфилов ауданының тұрғындары елдімекен маңынан салынғалы отырған ет өңдеу зауытынның құрылысына қарсы шыққанын жазған болатынбыз. Ауыл белсенділері өндіріс орны елдімекеннен 500 метр қашықтықта орналасқан және мұның арты ауылдың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізетінін айтып, шу шығарған.

Зауыттың жыры бұдан бес жыл бұрын басталған. 2017 жылдары Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың кезінде акцонерлік қоғам өкілдері өңір басшысымен кездесіп, қуаттылығы жылына 70 мың тонна болатын құс бауыздау сою және өңдеу цехын салу туралы жоспарын бөліскен. Ал ел назарына ұсынылған жоба жоспарына сай зауытта сағатына 6000, бір ауысымда 48 мың, тиісінше жылына 29,95 млн құс  сойылатыны жазылған. Продолжение у нас на сайте #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
294

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында суармалы жерлерді ет өңдеу зауытының құрылысына заңсыз бөлген - Yvision.kz