Мазмұнға өту
usergoogle108072539533159636522

Agro Qogam

@usergoogle108072539533159636522

Сайтта 2022 ж. 19 шілде

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

340

пікірлер

2

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Асау үйретіп, бәйге алған 17 жастағы Дария

Десе де, мұндай күрделі кәсіпті меңгеріп жүрген нәзік жандылар арамызда жоқ емес. Солардың бірі – атыраулық Дария Болат. Небәрі 17 жастағы мектеп оқушысы Agroqogam.kz порталына сұхбат беріп, өзінің ерекше кәсібі, сүйікті ісі және ұлттық спорт туралы кеңінен баяндап берді.Атырау қаласындағы Тасқала елдімекенінде тұратын Дария Болат бүгінде 11 сыныпта оқиды. Жылқы малын ерекше сүйетін бойжеткен 15 жасынан бастап асау үйретіп, бүгінде ат спортымен кәсіби түрде айналысуда. Дарияның айтуынша, бұл спорт түріне ден қоюына жылқыға деген махаббаты себеп болыпты.«15 жасымнан бастап асау үйрете бастадым. Асау үйретуді қолға алып, меңгеруіме себеп болған бір жайт – алғашқы сәйгүлігім. Әдемі деген ат қойып, меншіктеп алған сәйгүлігімді өзім үйретсем деген талпыныс болды», – дейді Дария.Дарияның айтуын…

0
0
554

Маңқа, сақау, су ауруы: жылқының жұқпалы аурулары туралы не білесіз

Қазір де солай. Десе де, бұл кәсіпке енді ғана бет бұрған жастар үшін жылқы шаруашылығында есте ұстайтын басты дүниелер де жоқ емес. Соның бірі – жылқы малының негізгі аурулары, олардың белгілері мен алдын алу шаралары. Бұл тақырыпты аша түсу үшін өмірінің біраз бөлігін мал емдеу ісіне арнаған, ардагер ветеринар Нүсіпәлі Тоқтасынұлына жүгіндік.Мал дәрігерінің айтуынша, жылқыларда кездесетін ауруларды жұқпалы, жұқпалы емес және құрт аурулары деп қарастыруға болады. Оның ішінде жұқпалы аурулардың жылқы үйірі үшін қауіптілігі жоғары. Себебі, кей аурулар салдарынан бір шаруашылық ондаған мал басынан айырылуы мүмкін. Сол үшін жұғатын жылқы дерттерінің белгілерін біліп жүру көптік етпейді, дейді маман.Жылқы ауруларының түрлері«Ринопневмония, сақау, пастереллез, сальмонеллез, су ауруы, маңқа – к…

0
0
682

Қой шаруашылығы: ең маңызды әрі өзекті мәліметтер

Десе де бүгінде қой шаруашылығына қатысты, қойларды күтіп, бағу, өсіру, төлдету, түрлі аурудың алдын алу, олардың етті-сүтті бағыттағы тұқымдарын жетілдіру мәселелері зерттеуде ғылым да кенде емес. Бұл ретте agroqogam.kz оқырмандарына қой малына қатысты ғылыми негізделген ақпарат беру үшін отандық ғалымдардың әдебиетін қазақ тіліне аударып шыққан болатын. Осы ретте «Қой шаруашылығы» кітаптың ең құнды деген тұстарын назарға ұсынамыз. Кітап авторлары қазақ еліндегі қой тұқымдарын жетілдіруге, жаңа қой тұқымдарын шығаруға үлес қосқан, Қазақстан аумағындағы қой шаруашылығын дамытуға ғылыми негізде еңбек сіңірген Мырзабеков Сұлтан Шайымұлы мен ресей ғалымы Ерохин Александрдың бірлескен еңбегі. Кітаптағы ақпаратты негізге ала отырып, қойларды бағу, азықтандыру, олардың биологиялық және өнімдік…

0
0
565

Алматы облысында суармалы жерлерді ет өңдеу зауытының құрылысына заңсыз бөлген

Алматы облысы Панфилов ауданында салынады деп жоспарланған ет өңдеу зауытына қатысты шу ушыға түсті. Зауыт құрылысына бөлінген жер заңсыз болып шыққан. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел мәлім етті, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.Бұдан бірер апта бұрын Алматы облысы Панфилов ауданының тұрғындары елдімекен маңынан салынғалы отырған ет өңдеу зауытынның құрылысына қарсы шыққанын жазған болатынбыз. Ауыл белсенділері өндіріс орны елдімекеннен 500 метр қашықтықта орналасқан және мұның арты ауылдың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізетінін айтып, шу шығарған.Зауыттың жыры бұдан бес жыл бұрын басталған. 2017 жылдары Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың кезінде акцонерлік қоғам өкілдері өңір басшысымен кездесіп, қуаттылығы жылына 70…

0
0
293

Нұрболат Құралов: «Биыл 800 тонна алма жерде қалды»

Екі жылдан бері мұндай өнім көрмеген бағбандардың қуанышында шек болмаған. Алайда соған қарамастан, көптеген қожалықта жүздеген тонна алма ысырап болып, жерде қалған. Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің жоқтығы, жабдықталған қоймалардың болмауы, инфляцияның шарықтауы бау-бақша, оның ішінде алма өсіретін шаруаларды қаншалықты шығынға батырғаны туралы «Aqniet Agro Gardens» мекемесінің директоры және құрылтайшысы Құралов Нұрболат айтып берді, деп хабарлайды Agroqogam.kz. «Шаруалардың тасы өрге домалауы үшін тек мол өнім алу жеткіліксіз»Биылғы жыл оңтүстіктегі мақта өсіруші ағайындар үшін ғана емес, сонымен бірге бағбандар үшін де оңайға соқпады. Нұрболат Құраловтың басшылығымен жұмыс істеп тұрған «Aqniet Agro Gardens» ЖШС бүгінде Қазығұрттағы ең ірі бау-бақшасы бар мекеме. Олардың бауы өте ауқым…

0
0
396

Жалған статистиканы беретіндер жауапқа тартылмай, еш нәрсе өзгермейді

Олар министрліктің ветеринария, субсидиялар үлестіру, астықтарын үлестіре алмаған диқандар мәселелеріне құлақ аспағанын айтып, наразылығын білдірді, деп хабарлайды Agroqogam.kz.Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолданған хатқа 25 депутат қол қойған. Хатта олар еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар өзекті проблемаларды қозғап, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керектігін алға тартты. Олардың айтуынша, соңғы екі жылда осы салаға қатысты көптеген депутаттық сауал жолданғанымен, шаруалардың жанайқайы әлі күнге дейін тиісті деңгейде «естілмей» келеді.«Қағаз жүзінде бәрі де қатып тұрғаны болмаса, айтарлықтай өзгерістерді қарапайым адамдар сезініп отырған жоқ. Біз бүгіндері өз міндетін орындауда Ауыл шаруашылығы министрлігінің халық алдында қалай есеп беретініне қайран қаламыз.…

0
0
395

Қойлар неден уланады және алғашқы белгілері қандай

Себебі мұның арты ауыр салдарларға алып келуі қауіп өте зор. Бүгінгі материалымызда улану тақырыбына кеңінен тоқталмақпыз, деп хабарлайды Agroqogam.kz. Құрамында механикалық қоспалары бар, улы заттары, пестицидтер, улы саңырауқұлақтар, микроағзалар бар азық берген кезде қойларда жұқалы емес аурулар туындауы мүмкін. Уланудың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Оның ішінде кей жағдайларда малға беруге болатын азықтардың өзінде дұрыс сақтамау себебінен улы заттар түзіледі. Мәселен, зығыр күнжарасы, ақ жүгері, судан шөбі, қара тары, көлтабан шөбі, сиыржоңышқа мен жоңышқа құрамында (жабайы) цианогенді гликозид бар. Олар суда көп тұрған кезді бығып, синильді қышқылмен бірге гидролизденеді. Еркін синиль қышқылы бұл өсімдіктердің қурау, суда тұру, бығу кезінде түзіледі. Сол себепті кейде зығыр күнжар…

0
0
375

Дұрыс азықтандырмау салдарынан орын алатын мал аурулары

Бірқатар қауіпті аурудың алдын алу үшін кейде малдың азығын жақсартып, күтімді көбейткен жөн, деп хабарлайды Agroqogam.kz. Мәселен, тимпания ылғалды, шықты немесе жаңбырдан кейінгі шөпті көп көлемде жеген кезде, әсіресе жоңышқа немесе люцерн жеп қойғанда туындайды. Сонымен бірге шіріп кеткен шөп тамырлары мен бұзылған бидайды жесе де мал тимпания ауруына шалдығуы мүмкін. Тимпанияның алдын алуға арналған сақтық шараларын сақтаған жөн. Олар: • Қойларды аш күйінде жайылымға жібермеу, әсіресе жайылымда жоңышқа егілген болса; • Қойларды аш күйінде ылғалды жасыл шөптесін өсімдіктер өскен жерлерге нмесе шық тұрған жерлерге жібермеу; • Қойларды мұндай жайылымдарға жібермес бұрын оларды шөппен азықтандырып алу керек; • Илектеліп қалған шөп бумасынан алып, бұзылған жем-шөп бермеу. • Ағынды емес су…

0
0
341

Алматы облысында ауыл тұрғындары ет өңдеу зауытының салынуына қарсы шықты

Зауыт ауылдың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізеді деген халық жергілікті билікке үндеу жасап, зауыт құрылысына қарсылық ретінде қол жинап жатыр, деп хабарлайды Agroqogam.kz.Ауыл тұрғындарының айтуынша, зауыттың салынатыны туралы халық тек 10 қараша күні білген. Ести сала, халық өз бетінше әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, мұның салдары ауылға қалай әсер ететінін зерттеуде.«Естіген соң наразы болдық. Себебі біз қарсымыз. Халықпен еш ақылдаспаған. Енді біліп отырмыз. Бұл дұрыс емес. Біз ауылымыз үшін алаңдаймыз. Қазіргі таңда зауыттың салынуына қарсы петиция жасадық. Оған екі күннің ішінде 1200-ден астам адам қарсы қол қойды. Оған дейін 26 қарашада зауыт өкілдерімен кездесу болады. Олардың не айтатынын көреміз. Бірақ зауыт ауылдан 500 км жер қашықтықта ғана орналаспақ. Бұл өте…

0
0
459

Қарағанды облысындағы қыстақта ірі қара малдан қарасан ауруы анықталды

Аталған қыстақта бірнеше мал өліп, ірі қара мал сынамасынан қарасан ауруы анықталған, деп хабарлайды Agroqogam.kz.Қарқаралы ауданындағы қыстақта малдан қарасан селі анықталған. Республикалық ветеринариялық зертхананың Қарағанды облыстық филиалының 2022 жылғы 2 қарашадағы сараптама актісіне сәйкес, 1 сынама мүйiздi ipi қара малдың iшкi ағзалары бактериологиялық микроскопиялык/биосынама әдiстерiмен зерттеу кезiнде қарасан ауруына оң нәтиже көрсеткен. Ірі қара мал «Свиридов» шаруа қожалығында өлген.Қоспақ қыстағының эпизоотологиялық зерттеу актісіндегі деректерге назар аударсақ, 20 қазан күні аталған шаруа қожалығында мал өлімі тіркелгені туралы хабарлама жергілікті ветеринариялық пунктіге келіп түскен. Айта кетерлік жайт, аталған хабарламадан соң аумақтық инспекция басшысы мен ветстанция ба…

0
0
218