Алматыда цех маңынан шыққан қою қара түтін жұртты шошытты
Оқиға куәгерлері Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысы маңында қою қара түтін шығып жатқанын хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, өрт сол ауданда орналасқан цехта шыққан.
«15 шілдеде сағат 6:59-да Әуезов ауданы, Райымбек даңғылы 348С мекенжайына жоғары дәрежедегі өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Шақыру орнына 6 минуттан кейін жеткен өрт сөндіру бөлімі түсті металл өңдеу цех шатырына өтетін 150 шаршы метр электр пеші трансформаторы өртенгенін анықтады», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Өрт сағат 8.57-де оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.
Фото алынды tengrinews.kz
