Мазмұнға өту
Обложка сообщества Алматы қаласы

Алматыда дін саласындағы өзекті мәселелерді насихаттауға арналған шығармашылық байқау жеңімпаздары марапатталды

29 қазанда Алматы қаласында дін саласының өзекті мәселелерін ақпараттық кеңістікте кеңінен насихаттауға бағытталған шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 17 ақпан мен 7 қазан аралығында өткізілді. Жалпы 227 материал қабылданып, қатысушылар арасында журналистер, блогерлер, сарапшылар және әлеуметтік желі белсенділері болды.

Байқаудың негізгі мақсаты – қоғамның діни сауаттылығын арттыру, зайырлылық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ деструктивті идеологиялар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында сапалы ақпараттық контентті қолдау.

Байқау барысында түскен барлық материалдар 5 мүшеден құралған қазылар алқасы тарапынан мұқият сарапталды және әділ бағаланды. Жюри мүшелері әрбір жұмыстың мазмұнын, өзектілігін және қоғамдық әсерін ескеріп, мүмкіндігінше объективті шешім қабылдады.

Байқаудың нәтижесінде интернет кеңістікте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында пайдалы, сапалы материалдардың саны артты.

Әлеуметтік желілерде рухани құндылықтарды, толеранттылық пен өзара түсіністікті дәріптейтін контент көбейді.

ЖЕҢІМПАЗДАР

Қазақ тіліндегі үздік интернет-мақалаАбдрахманов Сұлтан. Материал: «Теріс діни ағымдар: жастықты арбайтын тұзақ»

Орыс тіліндегі үздік интернет-мақалаДастан Елдес. Материал: «Идеология в контексте противодействия радикализму»

Instagram желісіндегі үздік бейнероликМырас Біржан. Материал: «Діни фанатизм мен терроризм салдары»

TikTok желісіндегі үздік бейнероликРахимбек Ерсұлтан Нұрболатұлы. Материал: «Сақ бол, жас ұрпақ!»

Әлеуметтік желідегі үздік тақырыптық постБолатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы. Материал: «Казахстан – светская страна!»

Үздік пікірКисиков Бекнур Сеитжанович. Материал: «Фанатизм»

Үздік мотивациялық сөз және үндеуНакнавина Ақмаржан Мырзағалиқызы. Материал: «Қоғамдағы конфессияаралық келісім»

Ынталандыру сыйлықтарына ие болған қатысушылар да шығармашылық еңбегі үшін марапатталды. Жалпы жүлде қоры – 3 500 000 теңге.

Бұл байқау – қоғамның рухани иммунитетін күшейтуге, жастардың діни сауаттылығын арттыруға және ақпараттық кеңістіктегі оң үрдістерді қолдауға зор үлес қосты.

Сонымен қатар, ол ақпараттық мәдениетті дамыту мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған тиімді алаңға айналды.

0
0
173

Осы тақырып бойынша

Алматыда дін саласындағы өзекті мәселелерді насихаттауға арналған шығармашылық байқау жеңімпаздары марапатталды - Yvision.kz