Алматыда велошеру өтеді
Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өтізіледі.
Велошеру келесі бағыт бойынша өтпек: «Нұрлы Тау» БО-нан 09:00-де бастау алып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталады.
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ескертеді: барлық қатысушыларда арнайы шлемдер болуы керек, бұл міндетті талап, онсыз вело шеруге қатысуға рұқсат етілмейді!
Жексенбілік спорттық іс-шаралар вело шеруден кейін Дуатлоннан өтетін Республикалық турнирімен жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл күні Алматы қаласында бірнеше спорттық іс-шаралар өтеді деп күтілуде:
Сағат 11:00де Орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спартакиада;
Сағат 11:00де Орталық демалыс саябағында әуесқой бокстан турнир өтеді.
