Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Алматыдағы қонақүйде төрт бала уланып қалған: оқиғаның мән-жайы айтылды

Павлодар облысы Білім басқармасы мәліметінше, команда Алматыға 9 шілдеде өткен халықаралық би байқауына келген.

«Ақсу қаласының «Кавказ ансамблі» Алматыға шыққан. Команда құрамында 8 бен 14 жас аралығындағы 19 бала және 6 ересек адам болды. 11 шілдеге қараған түні олар тұрған қонақүйде химиялық заттармен өңдеу жүргізілген. 13, 12, 8 және 14 жастағы төрт бала зардап шекті»,- деді Павлодар облысының білім басқармасы өкілдері.

Ведомство мәліметінше, кәмелетке толмаған балаларға орташа дәрежедегі улану диагнозы қойылған.

«Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар қажетті ем-дом алып жатыр. Бүгін тағы тексерілмек, оның қорытындысы бойынша үйге шығару туралы мәселе қаралады», - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, ансамбльдің 8 мүшесі мен 6 ересек адам үйлеріне қайтқаны хабарланды. Қалған 11 бала, сондай-ақ уланған балалардың ата-анасы басқа қонақүйге орналастырылған.

«Ансамбль жетекшісі және зардап шеккендердің ата-анасымен тұрақты байланыс орнатылып, балаларды Павлодарға қайтару мәселесі шешіліп жатыр», - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы қонақүйде жәндіктерді улаудан кейін төрт бала ауруханаға түскені хабарланған болатын.

0
0
245

Осы тақырып бойынша

Алматыдағы қонақүйде төрт бала уланып қалған: оқиғаның мән-жайы айтылды - Yvision.kz