Алматылық зейнеткерлер смартфонмен жұмыс істеуді және ағылшын тілін үйренеді
Мұнда Алматы зейнеткерлері кітапханаға, йога және аэробика, шахмат сабақтарына, тоғызқұмалақ, домино ойындарын ойнап, тоқыма курстарына қатысып, кинотеатрлар мен басқа да жерлерге бара алады.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, егде жастағы адамдар үшін тұрақты негізде компьютерлік сауаттылық дағдыларына, смартфондармен, ағылшын тілдерімен жұмыс істейтін болады. Апта сайын қоғамдық ұйымдармен, тегін құқықтық, психологиялық, медициналық консультациялар, әртүрлі семинарлар мен тренингтер өткізіледі.
Қалалық билік өкілдерінің айтуынша, бүгінде Алматыда халқының 12,5%-ын зейнеткерлер құрайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сай, зейнеткерлердің белсенді өмірге қатысу тәжірибесі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттырудың ең пайдалы құралы.
Ақпарат көзі
