Алты қазақстандық журналист Брюссельге тренингке барады
Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі «Қазмедиа» медиа мектебімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен қазақстандық журналистерге арналған кәсіби халықаралық тренингке «ЕО-Қазақстан: Серіктестік және ынтымақтастықтың 25 жылы» атты конкурс жариялады.
Байқау Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге және нығайтуға, ашық диалогты қалыптастыруға және Қазақстанның БАҚ-да Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.
Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 2 сәуірінен 31 мамырына дейін жүргізілді. Байқау кезеңінде БАҚ өкілдерінен 32 жұмыс Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың өзекті аспектілеріне арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданды. Байқау регламентіне сәйкес барлық талаптарға жауап беретін құзыретті қазылар алқасының қысқа тізіміне 16 жазба енгізілді.
Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша алты жеңімпаз Брюссель қаласында (Бельгия) бір апталық тағылымдамаға жолдаса алды. Қатысушылардың бағдарлама бағыты Еуропалық Парламент, Еуропалық Одақ Кеңесі, Еуропалық Комиссия, Еуропалық Сыртқы Қатынастар Қызметі және Брюссельдегі журналистік жұмысына кірісу сияқты еуропалық институттарға бару ұйымдастырылады. Сапар аясында қатысушылар ЕО-Орталық Азия министрлерінің кездесуін өткізеді және ЕО-ның Жоғары өкілі Федерика Могеринимен кездесу мүмкіндігіне ие болады.
