Мазмұнға өту
Обложка сообщества Без границ

«Қамқор» – өз шаңырағыңның астында

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқор» әлеуметтік үйі» КММ – арнайы лифтілермен жабдықталған бір және екі бөлмелі 74 пәтерден тұратын бес қабатты екі үй. Мұнда оңтүстік астанада тұрақты баспанасы бар, немесе тұруға ықтиярхаты бар жасы бойынша зейнеткерлер тұрғындар бола алады. әлеуметтік үйге көшудің негізгі шарты - пәтеріңізді қаланың коммуналдық меншігіне беру

Ал оның орнына осы Үйде оларға қайырымдылық шарты бойынша ванна бөлмесі мен балконы бар бір немесе екі бөлмеден тұратын пәтер өмір бойы беріледі. Бұл ретте әрбір үй тұрғыны өзінің қаржылық тәуелсіздігін, бонустары мен жәрдемақылары бар зейнетақысын сақтайды

Әлеуметтік үй тұрғындарына тағы не кепілдік беріледі? Бұл тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге толық ақы төлеу (қалааралық және халықаралық телефон байланысынан басқа), көшіп-қонуға жәрдемдесу және күнделікті тегін ыстық түскі ас беру. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін аударуға және оларды жаңа тұрғылықты жеріне жеткізуге, мүгедектік тобын белгілеуге немесе өзгертуге жәрдемдесу

Тұрғындар науқастарды күнделікті кардиолог қабылдайтын және медбикелер тәулік бойы кезекшілік ететін медициналық кабинетке қол жеткізе алады. Қажет болса, «арнайы» мамандар тартылып, тегін дәрі-дәрмек беріледі

Қозғалыс денсаулықтың негізі болып табылады, және қартайған кезде бұл өте маңызды, сондықтан кәсіби жаттығу терапиясының нұсқаушысы физиотерапия жаттығуларында топтық және жеке сабақтар жүргізеді: тірек-қимыл аппараты, барлық түрдегі тыныс алу жаттығулары, кардио жаттығулары, скандинавтық серуендеу, массаждың әртүрлі түрлері

Сонымен қатар, тұрақты күтімді қажет ететін әрбір жалға алушыға пәтерді жинап, жууға заттарды тапсыратын, емханаға, дәріханаға және т.б. көмек көрсететін бекітілген әлеуметтік қызметкерлер бар

«Өмір күзі» рухани салаға ерекше ықыласпен қарауды қажет етеді – мұнда түрлі үйірмелер, «Халық үні» хоры, «Атамекен» қазақ ұлт аспаптар оркестрі жұмыс істейді. Және, әрине, түрлі мәдени шаралар өткізіледі

Үйде сенсорлық бөлме, спорт залы, массаж бөлмесі, жылыжай, кітапхана, шаштараз және заманауи кір жуатын орын бар. Қызметтік шағын автобус тұрғындарды сауда орталықтарына, театрларға, емханаларға апарады

Жеміс-жидек, сәндік ағаштар мен көпжылдық гүлдер өсетін, демалыс орындықтары орнатылған үлкен қоршалған аумақтың болуын атап өткен жөн. Сондай-ақ сахна, көше тренажерлары бар. Бейнекамералармен тәулік бойы күзет қамтамасыз етілген

Ерекшеліктер бар – туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және жүйке-психиатриялық диспансерлерде есепте тұрған зейнеткерлер белгілі себептермен әлеуметтік үйде есепке тұра алмайды

Ал қайғылы жағын да айут керек - тұрғындарды соңғы сапарға шығарып салатын да осы Н.Тілендиев көшедесі, 256/1 мекен-жайында орналасқан Әлеуметтік үйдің әкімшілігі. Ресми сайт – sodcom.kz

0
0
1171

Осы тақырып бойынша

«Қамқор» – өз шаңырағыңның астында - Yvision.kz