Қарағанды облысындағы қыстақта ірі қара малдан қарасан ауруы анықталды
Аталған қыстақта бірнеше мал өліп, ірі қара мал сынамасынан қарасан ауруы анықталған, деп хабарлайды Agroqogam.kz.
Қарқаралы ауданындағы қыстақта малдан қарасан селі анықталған. Республикалық ветеринариялық зертхананың Қарағанды облыстық филиалының 2022 жылғы 2 қарашадағы сараптама актісіне сәйкес, 1 сынама мүйiздi ipi қара малдың iшкi ағзалары бактериологиялық микроскопиялык/биосынама әдiстерiмен зерттеу кезiнде қарасан ауруына оң нәтиже көрсеткен. Ірі қара мал «Свиридов» шаруа қожалығында өлген.
Қоспақ қыстағының эпизоотологиялық зерттеу актісіндегі деректерге назар аударсақ, 20 қазан күні аталған шаруа қожалығында мал өлімі тіркелгені туралы хабарлама жергілікті ветеринариялық пунктіге келіп түскен. Айта кетерлік жайт, аталған хабарламадан соң аумақтық инспекция басшысы мен ветстанция басшысы жағдайды анықтау үшін шаруа қожалығына барған.
Продолжение у нас на сайте #agroqogamkz #agro #agronews
