Арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздың мұңы
Қазіргі уақытта қазақ қызының басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуы жиілеп кетті. Қытайға, ұйғырға, орысқа, енді бірі араб ұлтыны тұрмысқа шығып жатыр. Олардың барлығы бақытты емес! Жат елде жүріп, өзге тілде сөйлеп, өзіміздің бесбармағымызды сағынып, ата-анасының тірі кезінде бір көруге зәру болып жүрген қазақ қыздар қаншама?!
Қоштасар сәтте арабқа күйеуге шыққан қазақ қызы елдегі сіңлілеріне сәлемдемесін Қаржаубай Сартқожаұлы профессор ағамыздан жолдады.
"Аға, сіз жоғары оқу орнында ұстаз екенсіз, қазақтың қыздарына айтыңызшы, басы таз, мұрны пұшық болса да қазақ жігітіне шықсын. Еш уақытта басқа ұлтқа шықпасыншы. Осыны жүрген жеріңізде айтып жүріңізші, аға. Мен сізге тапсырар жалғыз өтінішім осы" деп жылап қалды. ( Толығырақ видеодан көріңіздер).
Осындай қателіктерді қайталаудан аулақ болыңыз. Өзге елде сұлтан болғанша, өз елімізден ұлтан болғанға не жетсін!
