Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы»;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Еске салайық, түзетулердің мақсаты - қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және оған басшылық еткені үшін жауапкершілікті күшейту. Сондай-ақ, азаматтарды қаржы пирамидасына тартуға әкеп соққан ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті заңнамалық тұрғыда реттеу. Заң жобасы бойынша қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Түзетулер бойынша:

қаржы (инвестиция) пирамидаларын құрғаны және оларға басшылық еткені үшін жазаны қатаңдату;

қаржы (инвестиция) пирамидасы ақпаратын жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрон ақпарат ресурстары арқылы елеулі залал келтіре отырып, адамдарды тартқандарға қылмыстық жауаптылықты енгізу;

қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалағаны үшін тергеуді тағайындау.

Қаржы пирамидаларын жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. 1-бөлім бойынша 2000 АЕК дейін айыппұл cалынуы немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. 4-бөлім - білікті құрам, мұнда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Фото алынды mail.kz

0
0
219

Осы тақырып бойынша

Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды - Yvision.kz