Асхат Өмірбаев «Ең үздік ертегіші»
Жазушының қиял-ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп, тартымды әрі қызықты оқылуымен ерекшеленеді. Ертегілер мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына, жалпы оқушылар мен жасөспірімдерге арналған. Үш бөлімнен тұратын заманауи үлгіде жазылған ертегілер балаларға тамаша базарлық боларына сенім мол.
Бұл кітапқа енген ертегілер отанды сүюге, туған жерді аялауға, мейірімділік пен қайырымдылыққа үйретеді. Баланы адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулып, достықты берік сақтауға үндейді. Шығармалардың өн бойында білімге құштарлық, жақсылыққа ұмтылу, тәлім-тәрбиеге үндеумен бірге үлкенге — құрмет, кішіге-ізет көрсету секілді тәрбиелік мәні бар.
