Астана қаласының шалғай аудандарындағы оқушылар ағылшын тілін тегін үйренеді
«Open English» жобасы аясында Астана қаласының шалғай аудандарында орналасқан 15 мектеп іріктеліп алынды: Лесозавод, Қосшы, Чугунка.
«Бұл ағылшын тілін үйрену қажеттілігі бар өңірлер, себебі ағылшын тілін үйренуге деген мұқтаждықтар орталықта орналасқан мектептерде жоқ. Тегін ағылшын тілі курстары аптасына екі рет өткізіледі. Бүгінгі таңда 45-ке жуық волонтерлар 180 елордалық оқушыларды даярлауда. Әрбір 12 адамнан тұратын 15 топ бар», - деді Динара Сәдуақасова.
«Сонымен қатар, курсты өту үшін оқушы базалық ағылшын тілін білуі тиіс. Біз осындай мақсатқа қол жеткіздік, жобаның соңында студент IELTS-тен 6,0-ге дейін өтуі мүмкін», - дейді ол.
Д.Садвакасованың айтуынша, 2019 жылы елордада осы жобаны ауқымға келтіріп, 7 мыңнан астам оқушыны оқыту жоспарланған. 2019 жылдың екінші жартысында бұл жоба Қазақстанның басқа аймақтарында жүзеге асырылатын болады.
«Бұл модель негізінде болашақта қазақ тілін оқытуды жетілдіру, сондай-ақ латын жазуымен хат-курстарын бастау жоспарлануда», - деді ол.
Осындай жобалар шалғай аудандарда орналасқан, тіл үйренуде тапшылық байқалатын аймақтарда аса маңызды. Және ағылшын тілінен өтетін халықаралық деңгейде танылған сынақты тапсыру, нәтиже бойынша нақты мақсаттар қою курстың қаншалықты мақсатын орындағанын айқындайды. Ағылшын тілі халықаралық тіл екені белгілі, сонымен қатар, бұл тіл көптеген есіктің кілті болып табылады. Ағылшын тілі бизнес тілі, бәсекеге қабілеттілік тілі, мүмкіндіктердің шектелуін кемітуге көмектесетін құрал. Сондықтан да, жас ұрпаққа тіл үйрету маңызды бағыт болып табылады.
