Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Ата-аналар түсіністікпен қарауы керек - Назарбаев мектептерде үш тілділік туралы

Білім министрі Ерлан Сағадиевпен кездесуде Қазақстан Президенті саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда білім беру жүйесінің ерекше рөлін атап өтті.

«Біз барлық бағдарламалық құжаттарда, соның ішінде биылғы Жолдауда «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа мүмкіндіктер» және «Рухани жаңғыру» Қазақстанның халқы үшін Жолдауын іске асырып жатырмыз, аталған бағдарламаларда цифрландыру процесі маңызды рөл атқарады. Ал сапалы білім беру дамуымыздың кепілі», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалардың уақтылығы орындалуына, оның ішінде ағылшын тілінде белгілі бір пәндерді оқытуға көшу үдерісіне ерекше көңіл бөлді.

«Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер жоғарғы сыныптарда жүзеге асырылады. Ағылшын тілін үйренбей, болашақта толыққанды оқытуды қамтамасыз ете алмаймыз. Бұған ата-аналар түсіністікпен қарауы керек, тіл – уақыт талабы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Білім және ғылым министрі мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы туралы ақпарат берді.

Сағадиев мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстың аралық нәтижелері туралы баяндады.

«2018 жылы балалардың мектепке дейінгі білім беруін қамту 95 пайызға жетеді. Бұл негізінен жекеменшік балабақшалардың құрылысы есебінен жүзеге асырылады, ерте дамудың бірыңғай стандарттары 2019 жылдан бастап енгізіледі. Сонымен қатар, қазір балабақшаларға ұялы байланыс құралдарын пайдаланып та кезекке тұруға болады», - деп атап өтті Білім және ғылым министрі.

Бұдан басқа, Сағындиев Қазақстан Президентіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде мектептерді жаңартылған мазмұнға көшірудің нәтижелері туралы хабардар етті. Сонымен қатар, министр ағылшын тілінде жеке пәндер бойынша мұғалімдерді оқытудың жетістіктері туралы ақпарат берді.

0
0
387

Осы тақырып бойынша

Ата-аналар түсіністікпен қарауы керек - Назарбаев мектептерде үш тілділік туралы - Yvision.kz