Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынамын - Тоқаев

«Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», - деді Тоқаев.

Еске салайық, Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. Сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдады.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
312

Осы тақырып бойынша

Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынамын - Тоқаев - Yvision.kz