Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Атырауда Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік басқару және Атырау филиалы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау филиалымен бірлесе отырып Мемлекеттік қызмет мектебін ашты. Шараға тыңдаушылар ретінде 100-ден астам студент қатысты. Олар мемлекеттік қызметке қабылдау, тағылымдамадан өту және мансаптық өсу тәртібі туралы білім алды. Мемлекеттік қызмет мектебін құрудың басты мақсаты мемлекеттік мекемелерде тағылымдамадан өту, мемлекеттік қызметке түсу үшін болашақта дарынды, талантты мамандарды даярлау мақсатында олардың қызметімен танысу.

«Қазіргі уақытта курсқа оқушы жинау өтіп жатыр. Сауалнамадан өткен барлық студенттер Атырау облысындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оқып, мемлекеттік қызметшінің этикалық нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы, құқық қорғау органдарының және сот жүйесінің қызметімен танысатын болады», - деп мәлімдеді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің бастығының орынбасары Руслан Тұнғышбаев.

Оқудан өткендер мемелекеттік органдарда тағылымдамадан өтетін болады. Бұдан кейін мемлекеттік қызмет мектебінің түлектері арнайы дипломдармен марапатталады.

0
0
371

Осы тақырып бойынша

Атырауда Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды - Yvision.kz