Ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер келеді
Биылғы жылы ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйрету үшін 50 шетелдік еріктілер келеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының саяси жұмыс департаментінің директоры Данат Жұмин хабарлады.
Ауыл мектебінің оқушылары үшін шетел мұғалімдерінің елге келуі «Нұр Отан» партиясының «English for zhastar» жобасы аясында қарастырылады.
«English for zhastar» еліміздің 14 облысындағы мектеп оқушыларына қосымша ағылшын тілін оқытатын жоба.
«Бізде тіл туралы белгілі бір проблемалар бар екенін білеміз, әсіресе ауылдық жерлерде, барлық жерде жеткілікті педагогтар жоқ, барлық оқытушылар ағылшын тілін сапалы оқыту үшін жеткілікті түрде дайындықтан өтпеген. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы 2018 жылы «English for zhastar» жобасын іске қосты, жоба аясында еріктілерді тартамыз, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан қазақстандық және шетелдік студенттерді шақыратын боламыз және оларды Қазақстандағы ауыл мектептеріне жібереміз, олар ауылдық мектептерде тілдік орта құрады және біздің балаларымызға тіл үйретеді», - деп «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша кураторлық комиссиясының отырысы барысында Данат Жұминнің сөз сөйледі.
Данут Жұминнің айтуынша, алдағы екі жылда «English for zhastar» жобасына 500 адам тартылатын болады. 2018 жылы 150 волонтер қатысады, олардың 50-і - шетелдіктер.
«Егер Астана мен Алматы қалаларында әртүрлі курстар бар болса, мұғалім жалдауға болады, мектептегі мұғалімдер бар, біздің ауылдық жерлерде үлкен проблемалар бар және балаларымызға ертең бәсекеге қабілетті болу үшін азаматтармен бірге ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік беруіміз керек , шетел университеттеріне баруға және ең жаңа білімді алуға мүмкіндік беруіміз керек. Қатысуға ниет білдірген адамдар бар, енді біз Еуропада, АҚШ-та, ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз, келіссөздер жүргіземіз, дегенмен бұл балалар, біз оларды кез келген адамға оқытуға құқық бере алмаймыз. Жоғарғы деңгейдегі ағылшын тілімен қатар, еріктілерде педагогика мамандығы болы да маңызды», - деді ол.
Данат Жұминнің айтуынша, биыл «English for zhastar» жоба аясында 10 еріктілер еліміздің 14 өңіріне жіберіледі.
«Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының саяси жұмыс департаментінің директоры атап өткендей, бұл жоба ерікті болып табылады. Сондықтан оған қатысуға ниет білдірген еріктілер жалақы алмайды, бірақ оларға азық-түлік пен баспана беріледі.
Спикердің айтуынша, «English for zhastar» жобасына қатысу үшін 30 шетел азаматы өтініш берді. Еріктілердің бірінші тобы осы жылдың тамыз айында Қазақстанға келеді деп күтілуде.
Қазіргі уақытта жоба мүшелері ауылдарда ағылшын тілін оқытуда көмек көрсете алатын белсенді еріктілерді іздейді. Егер сіз ауқымды республикалық жобаға қатысам десеңіз, [email protected] поштасына хабарласыңыз! Жоба бойынша қосымша ақпаратты оның Фейсбуктегі ресми парақшасында таба аласыздар.
