Мазмұнға өту
Обложка сообщества Спорт

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Әйелдер – 4-ші, ерлер – Азияның үздігі

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан атлеттерінің қоржынында 7 жүлде алды. Оның ішінде, ерлер құрамасы жүлде саны бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Қазақстан әйелдер құрамасы үш медальмен төртінші болды.

Қазақстандық зілтеміршілер жеті медаль жеңіп алды: «Алтын» – Арли Чонтей (55 келіге дейін) «Күміс» – Абылай Әуелханов (55 келіге дейін), Карина Күзғанбаева( 81 келіге дейін), Нұрғиса Әділетұлы (89 келіге дейін) «Қола» – Екатерина Быкова (71 келіге дейін), Айзада Муптильда (+87 келіге кг), Артем Антропов (102 келіге дейін)

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов жарысты былай деп қорытындылады:

– Чемпионатқа қойылған мақсат орындалды. Тамаша нәтиже көрсеттік. Бір жылға созылған үзілістен соң жарыстың атмосферасын қайта сезіндік.

Қалай болғанда да, біз қателіктермен жұмыс жасауға дайынбыз. Жастар қуантты – кейбір балалар үшін бұл бірінші халықаралық старт болды, олар абыржымай, әрбір мүмкіндікті пайдаланды, - дейді маман.

0
0
328

Осы тақырып бойынша

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Әйелдер – 4-ші, ерлер – Азияның үздігі - Yvision.kz