Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Авиабилеттер мен қызметтердің құны Қазақстанда медициналық туризмді дамытуға кедергі келтіруде

Қазақстанда шетелден, әсіресе Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Түркменстаннан келетін науқастардың жаппай ағылуына дайын клиникалар бар. Дегенмен, елімізде толыққанды медициналық туризмді дамытуға кедергі келтіретін бірнеше проблема бар, дейді Астанадағы Медициналық туризм ассоциациясының өкілі Шолпан Есмұхамбетова.

«Бұл әуе билеттерінің құны мен қызмет көрсетудің жеткіліксіз деңгейі», - деп атап өтті Шолпан Есмұхамбетова.

Сонымен қатар ТМД елдеріндегі THTC өкілдіктерінің басшысы Халид Садықова шетелдіктерге Қазақстан қандай медициналық қызметтер ұсына алатындығын айтты.

«Қазақстан қазір стоматология, экстракорпоральді ұрықтандыру сияқты қызметтерді шетелдік туристерге еркін көрсете алады – олар Қазақстанда өте қарқынды дамып келе жатыр, сонымен қатар, органдарды трансплантациялау, мұнда бүйрек пен бауырды, сондай-ақ кардиологиялық қызметтерді айта кету керек», - Қазақстандағы медициналық туризм, қайырымдылық және әлеуметтік жобалар саласындағы халықаралық байланыстардың дамуы туралы баспасөз мәслихатында ТМД елдеріндегі THTC кеңсесінің басшысы Халид Садыкова мәлімдеді.

0
0
249

Осы тақырып бойынша

Авиабилеттер мен қызметтердің құны Қазақстанда медициналық туризмді дамытуға кедергі келтіруде - Yvision.kz