Мазмұнға өту
Обложка сообщества Спорт

Қазақ боксшылары Сербияда екі алтын алды

Қазақстан құрамасы жарысты екі алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен аяқтады.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосының ел қоржынына алғашқы алтынды салса, 63 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллинов екінші алтынды алды.

81 келіде Нұрбек Оралбай мен 91 келіде Василий Левит күміс жүлдені қоржынға салды.

Жүлдегерлер қатарынан Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Райыс Нұрқанат (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (+91 кг) көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Belgrade Winner турнирінде жалпы саны 7 салмақта жүлдегер атанды.

Фото: olympic.kz

0
0
181

Осы тақырып бойынша