Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР-тест пен вакцинация паспорты талабын алып тастайды
Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.
Ведомствоаралық комиссия мына талаптардың күшін жою туралы шешім қабылдады:
· 2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер үшін COVID-19-ға қарсы вакцинация немесе ревакцинация растауын (COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы), ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға қарсы сынаманың теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну туралы міндетті талап.
· еліміздің жеті өңірінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 көлік өткізу пунктінің жұмысына тыйым салу.
