Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстан заманауи әлемдік үрдістерден артта қалмайды – Елбасы. 2-бөлім

«Қазақстан аумағы үлкен мемлекет екенін білесіз. Әлемдегі тоғызыншы орын біздікі. Бірақ халық үшін, экономика үшін - бұл аз. Орталық Азияда біздің экономикамыздың көлемі барлық басқа мемлекеттермен салыстырғанда үлкен. Бірақ біздің экономикамыз көлемі бойынша кішентай болғандықтан, біздің инерциямыз үлкен мемлекеттерге қарағанда аз болуы керек деп ойлаймын. Яғни, қайта қалпына келтіру үшін уақыт аз, алайда біз оған үміттенеміз. Біз бүгінгі өтпелі кезеңді сейілтуге оптимизммен қараймыз. Біз жаңа технологияларды игерген елдер қатарына қосылғымыз келеді», - деді Президент.

Елдер экономикасы, әлеуметтік сала, цифрлы технологиялар, өндіріс және тұтыну сияқты жылдам және күрделі өзгерістер, сондай-ақ біздің көз алдымызда орын алған технологиялық ауысу 2018 жылы Астана экономикалық форумының негізінде Жаһандық шақыру саммитіне серпін берді.

Экономикалық өсу және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру және урбанизация, ұзақ өмір сүру және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдени ауысым - жаһандық үрдістер жаңартылған Астана экономикалық форумының - Global Challenges Summit 2018 саммитінің бағдарламасының негізін құрады.

Ақпарат көзі

0
0
272

Осы тақырып бойынша

Қазақстан заманауи әлемдік үрдістерден артта қалмайды – Елбасы. 2-бөлім - Yvision.kz