Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстанда 3 жыл ішінде 45 мың студентке жатақхана салу жоспарлануда

«Біз жатақханалардың мәселесін бақылауда ұстаймыз. Мемлекеттік тапсырыс бойынша және ақылы негізде оқитын студенттер бар, шетелдік жоғары оқу орындарынан келгендер бар. Тиісінше, жатақхана қажеттілігі де арта түсуде. Қазіргі уақытта республикада 89 386 орын қажет, ал ЖОО-да 64 436 орын, колледждерде 24 950 орын бар. Алматы, Астана және Шымкенттегі жатақханаларда орындардың жетіспеушілігі ерекше сезіледі. Бұл мәселені шешу үшін жұмыстар жасалуда. Бірінші кезекте қаржыландыру мәселесі Парламенттегі 3 жылдық республикалық бюджет жобасымен қарастырылады. Жатақханада мемлекеттік тапсырыс бойынша орындарды орналастыру құны 15 миллиард теңгені құрайды. Осылайша, 2019-2021 жылдары 45 мың студентке жатақхана салу жоспарлануда», - деді Б. Асылова «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының жастар қолдау комиссиясының кеңсесінде.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 5 наурызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» халыққа үндеуін жариялады. Үшінші бастама жоғары білімнің қолжетімділігіне және оның сапасын жақсартуға, студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жыл сайын бөлінген 54 мың мемлекеттік білім беру грантын, тағы 20 мың грант бөлуге, оның ішінде 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды даярлауға, ал 2022 жылдың соңына дейін университеттер мен колледж студенттеріне кем дегенде 75 мың орынмен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттары бойынша жоғары оқу орындары, колледждер мен даму компаниялары жатақханаларын салу жөніндегі жұмыстарды кеңейту қажет.

0
0
367

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда 3 жыл ішінде 45 мың студентке жатақхана салу жоспарлануда - Yvision.kz