Қазақстанда миллион гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды
«Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 миллион 119 мың гектар жер қайтарылды. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 миллион 94 мың гектар жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың гектар жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр», - делінген хабарламада.
Жалпы комиссия аумағы 7,45 миллион гектар жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отырғаны айтылды. Оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың гектар, жайылым жер – 6,86 миллион гектар.
