Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстанда жастарға жақсы қолдау көрсетілуде – сарапшы

Бүгінде барлығы «Жаңа бес әлеуметтік бастамалар» туралы айтады. Бірақ, шын мәнісінде, олардың оннан астамы бар және Қазақстанда жастарға мемлекеттік қолдау өте жоғары деңгейде көрсетіледі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясында Астанадағы «Қазақстанның ұйғырларының республикалық этно-мәдени орталығы» қоғамдық ұйымының төрағасы Рустам Абдусаламов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда жасалған жақсы жағдайдың арқасында оның 35 жасында екі магистр дәрежесі бар, жоғарғы басшылық деңгейінде және ірі мемлекеттік компанияларды басқаруда 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, ол қайырымдылықпен айналысады және бірнеше тіл біледі, өз бизнесі және сүйіспеншілігі бар.

Оқу бітіргеннен кейін ол барлық жастар сияқты сан тарапты жолда таңдау жасау мәселесімен кездесті, өзін іздеді, әуелі Алматыда, содан Мәскеуде, одан әрі асып кету ойы да болды жас маманда. Содан кейін оған, мен өз отаныма керекпін деген ой келді. Осылайша, 2005 жылы өзімен бірге киімдері салынған бір сөмкені алып, ел ордасына келеді. Және сол шешім оның өміріндегі ең дұрыс шешмі болғанына ол берік сенімді.

Спикер атап өткендей, Астана шынымен армандар орындалатын қала болып табылады. Астанаға одан кейін ата-анасын, туыстарын, достарын, жақындарын алып келді, осында үйленді, содан кейін оның балалары осы қалада туылды. Оның айтуынша, Қазақстан жастармен тиісті деңгейде жұмыс жүргізіп жатқан, жастар саясатын дұрыс жолға қойған ел.

Жастар ұйымдарының жұмысының негізгі бағыттары: Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруға жастарды тарту; мәдени құндылықтарды ұстану және руханилықты дамыту; Жастар ортасында моральдық-этикалық қағидалардың үздіксіздігін қамтамасыз ету; әлеуметтік ұтқырлықты, азаматтық белсенділікті және жастардыерік жігерлерін өздігінен жүзеге асыруды ынталандыру.

Ақпарат көзі

0
0
326

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда жастарға жақсы қолдау көрсетілуде – сарапшы - Yvision.kz