Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қазақстандық ғалымдардың еңбекақысы Т252 мыңға көбейтілді

«Ұлттық жоба бойынша ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында 2025 жылға дейін 1,5 есеге көбейту міндетін қойып отырмыз. Ғалымдар мен жас ғалымдардың санын 50%-ға өсіру жоспарланған. Бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің саны 21,6 мың адамды құрап отыр (2020 ж. – 22 665, 2019 ж. – 21 843), оның ішінде - 7 525 жас ғалым, бұл жалпы ғалымдар санының 35% -ы. Бүгінгі таңда ғалымдардың еңбекақысы 2 есе өскен (Т252 мыңға)», - деді Нұрбек сейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, түпкілікті зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ді тікелей қаржыландыру енгізілген.

Бұл ретте ол атап өткендей, жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін «Жас ғалым» жобасы аясында ғылыми зерттеулер мен постдокторантураға 1037 грант бөлінген.

«Жыл сайын халықаралық тағылымдамадан өтуге 500 грант бөлінеді. 2021 жылы 400 ғалым әлемдік ғылыми орталықтарға жолданды. 2020 жылдан бастап жыл сайын «Үздік ғылыми қызметкер» деген 50 сыйлық табысталады. 10 жоғары оқу орнында постдокторантура құрылды, диссертациялық кеңеске ҒЗИ және басқа ЖОО-лардың ғалымдары тартылып жатыр. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру үшін студенттер мен магистранттардың ғылыми қауымдастығы құрылды», - деді Нұрбек.

0
0
319

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық ғалымдардың еңбекақысы Т252 мыңға көбейтілді - Yvision.kz