Қазақстанда 2025 жылға дейін ғалымдар санын 50% - ға арттыру жоспарлануда
ғалымдар санын 2025 жылға дейін 1,5 есеге арттыру міндеті қойылған.Бүгінгі таңда ғалымдардың жалақысы 2 есеге артты (252 мың теңгеге дейін), деп еске салды министр. Іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыру енгізілді."Жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін "Жас ғалым" жобасы аясында жас ғалымдарға ғылыми зерттеулерге және постдокторантура үшін 1037 грант бөлінді.Жыл сайын халықаралық тағылымдамаларға 500 грант бөлінеді. 2021 жылы әлемдік ғылыми орталықтарға 400 ғалым жіберілді. 2020 жылдан бастап жыл сайын 50 "үздік ғылыми қызметкер" сыйлығы беріледі", – деп түсіндірді Нұрбек.Еліміздің 10 жоғары оқу орнында постдокторантура құрылып, диссертациялық кеңестерге ҒЗИ мен басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары тартылуда. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу…