Қазақстандық ғарышкерлерімізді айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!
12 сәуір барша әлем халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін тойлауда.
Бұл мереке Адамның ғарышқа алғашқы ұшу сапары болып есептелгендіктен, дүние жүзі бойынша аталып өтуде. Осыған орай, Қазақстандық ғарышкерлерімізді айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

Айдан Аимбетов - тәуелсіз Қазақстанның атынан ұшырылған алғашқы ғарышкер. Ол қыркүйектің 2-і күні Байқоңыр айлағынан «Союз ТМА-18М» кемесімен ұшқан болатын.
Айта кетейік, 4 наурыз күні Айдын Аимбетов ХАТУ оқу ордасына келіп, студенттерге ғарыш әлемінің тұңғиығынан сыр шерткен болатын. Ал біз, болашақ журналисттер, өз кезегімізде ғарышкерді студиямызға, «I-Wave» бағдарламасына шақырып, тілдесіп қайтқан болатынбыз.

Мұндай мүмкіндік күнде тумағандықтан, шыны керек қатты толқыған едім. Назарларыңызға ХАТУ студенттері дайындаған Ток-шоуды ұсынып отырмын.
P.S: Айдын Айымбетовтың Twitter парақшасындағы ең қызықты жазбаларды оқи жүріңіздер: @AidynAimbetov
