Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстандық оқушылар ағылшын тілін жақсырақ білетін болды

Ұйымдастырушылар атап өткендей, конференцияның жұмысы көптілділікті дамытуға, елдің мектептерінде жаңартылған білім мазмұнын енгізу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді енгізуге бағытталған.

Ғылыми-практикалық конференция ағылшын тілінен оқытушылар мен биология, химия, физика пәндері мұғалімдеріне ағылшын тілінде оқытылатын семинарлардан басталды. Іс-шара мұғалімдер арасында ағылшын тілі сабақтарының бейнефильм фрагменттерінің республикалық байқауына, 5 және 7 сынып оқушылары марапаттау рәсімімен аяқталды.

«Бүгін біз жарыстың аяқталуына арналған соңғы іс-шара өткіздік. Байқау жыл бойы 2-ші сынып ағылшын тілі оқытушылары мен 5 және 7 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде өткізілді», - деді «EDU Stream» ЖШС бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

EDU Stream - Қазақстандағы «Express Publishing» халықаралық баспа үйінің ресми өкілдігі. Ұйым елдің барлық өңірлерінде жұмыс істейді, онда Smiles 2 for Kazakhstan, Excel 5 for Kazakhstan, Excel 7 for Kazakhstan оқулықтары қолданылады.

«Smiles for Kazakhstan - бастауыш мектептердің 1, 2, 3-сыныптары үшін негізгі оқулық болып табылады және физика, химия, биология бойынша ағылшын тілінде оқулықтар әзірленді, біздің барлық оқулықтарымыз Білім және ғылым министрлігімен бекітілген», - деді Наталья Мұхамеджанова.

Байқау туралы айта келіп, ол биылғы жылы мыңнан астам үмыткер қатысқанын және іріктеу қиынға соққанын айтты, себебі өтініштер саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. «Бейне сабақтың сапасы өсті, сондай-ақ ағылшын тілінің сапасы айтарлықтай өсті», - дейді бас директоры.

Ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында Smiles 2 for Kazakhstan оқулығы бойынша республикалық конкурстағы Гран-при жүлдесі Ораз Жандосова атындағы № 105 мектеп-гимназиясының оқытушысы Маржан Бахытоваға берілді.

5-сынып оқушылары арасында Excel 5 for Kazakhstan оқу құралы бойынша республикалық байқауда бірінші орынды №16 Павлодар педагогикалық мектеп-лицейінің оқушысы Иван Казьмин алды.

7 сынып оқушылары арасында Excel 7 for Kazakhstan оқулығы бойынша республикалық байқауда Ақтөбе қаласының оқушысы Дамира Досмағамбет бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, өңір оқытушалары да байқауға белсене қатысқанын атап өту керек.

1
0
710

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық оқушылар ағылшын тілін жақсырақ білетін болды - Yvision.kz