Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстанның ауруханаларында қабылдау бөлімінің дәрігерлері пайда болады

Астанада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Элжан Біртановтың денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы мәселелерін талқылау бойынша азаматтық сектор өкілдерінің (ҮЕҰ) кездесуі өтті. Іс-шара барысында «Халықты дәрілік қамтамасыз ету» және «Медициналық қызмет сапасы туралы» тақырыптары талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің үйлестіру және қоғамдық кеңесі өкілдері, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген министр, ҮЕҰ-мен ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі үшін маңызды міндет болып табылатынын және үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени саласын дамытудағы рөлі артып келе жатқанын атап өтті.

Министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жаңғырту шеңберінде өткен жылы жалпы практика дәрігерлерінің саны 12% -ға және тәжірибелі дәрігерлердің саны көбеюіне байланысты отбасылық медицина күшейтілгенін атап өтті. Бұдан басқа, 6 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында педиатриялық алаңдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2017 жылы 149 жаңа педиатрия алаңы ашылды.

Ақпарат көзі

0
0
294

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның ауруханаларында қабылдау бөлімінің дәрігерлері пайда болады - Yvision.kz