Қазақтың 90 бапкері
Адам батыр болып дүниеге келмейді, олар батыр болып қалыптасады. Мысалы, шәкірттердің спортта жетістіктерге жетуібапкерлеріне тікелей байланысты. Белгілі спорт тарихшысы, қаламгер Қыдырбек Рысбектің 2020 жылы шыққан «Қазақтың 72 бапкері» атты жинағы толықтырылып, 2021 жылы «Қазақтың 90 бапкері» атауымен қайта басылып шықты. Кітапта1945 – 2021 жылдар аралығындағы қазақтың таңдаулы бапкерлері мен шәкірттері туралы деректі мақалалар жиналған.
Жаттықтырушы – әрі педагог, әрі психолог, әрі арқа сүйейтін қамқор әке немесе мейірімді ана бола білуі керек. Ең бастысы, бапкер өзіне сенуі керек!
«Шіркін-ай, жер жүзінде біреудің баласын осынша өбектеп, осынша мәпелеп, оның табысына шаттанатын бапкерден басқа мамандық иесі бар ма екен?!»- дейді журналист Дархан Мыңбай.
