Қазыналы қазақтың мақалы мен мәтелі
Қазақ дана халқымыз мақал-мәтелдерге өте бай. Ол ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан халықтық асыл мұра. Оның мағыналары оюмен өрнектелген сөз шеберлігі іспеттес.
Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.
Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Соның ішінде адам денсаулығына арналған мақал-мәтелдерге тоқталмақпын.
Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
Міне, тіпті ата-бабамыз осылайша 3 байлықты бөліп талдап берген.
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
***************************
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт
*****************************.
Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын
*****************************
Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.
Тіпті, кей мақал-мәтелдер тілек, бата секілді айтылған.
Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.
Ал, кей біріне келсек астарлап еңбектіде айта кеткен.
