Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Әбдіқалықова Қазақстан жастарының тарих пен мәдениетке қызығушылығын оятуға шақырды

ОҚО-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің пленарлық отырысы өткен болатын. Шараға қатысқан Г. Әбдіқалықова жастардың мәдени-сауықтыру кешендерін қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етудің маңызды екенін, жастарға спорттық клубтарға тегін қатысуға мүмкіндік беруге мүмкіндік жасай алатын органдармен іс-шаралар жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы мен Үндеулерінде жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан басқа, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы біздің жастарымызға жаңа серпін береді, сондай-ақ жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартады. Бүгінгі күні облыста 7200-ден астам студентке қызмет көрсетуді 26 жатақхана қамтамасыз етеді. Соңғы екі жылда облыста 1000 орынға арналған екі жатақхана салынды және пайдалануға берілді. Биылғы жылдың екінші жартысында тағы екі студенттік жатақхана құрылысын бастау жоспарлануда», - деді облыс әкімі жастармен кездесу барысында.

Сонымен қатар Шымкентте инновациялық университеттің құрылысы жоспарланған. Осы мақсаттар үшін 150 гектар жер телімі бөлінді, онда оқу ғимараттары, спорттық және тұрғын үй кешендері, сондай-ақ 1000 орынға арналған жатақхана салынатын болады.

Кездесуде діни істер және азаматтық қоғам, мәдениет және спорт министрлері, сондай-ақ республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, сарапшылар қауымдастығының өкілдері жүргізген жұмыстар туралы есептермен таныстырылды.

Мемлекеттік бағдарламаларды қолданатын жастардың саны 2015 жылға қарағанда күн сайын артып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл көрсеткіш 53,1%-ға өсті.

0
0
364

Осы тақырып бойынша

Әбдіқалықова Қазақстан жастарының тарих пен мәдениетке қызығушылығын оятуға шақырды - Yvision.kz