Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

БЕТАШАР-Жұмбақ Жер

Арктиканың жартысына жуығы, яғни Жердің Солтүстікполюсті орап тұрған жоғарғы бөлігі біздің Одақтерриториясының терістік жағалауларымен қойындасыпжатыр. Жердің Оңтүстік полюсін орап жатқан, әрі өз алдынабір телегей құрлық Антарктикаға керісінше Арктиканы теңіздесе де болғандай.Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлықтарыменастасқан тұсында Мұзды мұхит ұлылы-кішілі аралдарменалашабырланады да, оларынан полюске тақаған ортадеңгейінде ғана арылады.Ауа райының суықтығына орай бұл аралдар қалың мұз,сіреу қармен сіресіп жатады да, әудемге бармайтын поляржазында ғана аздап арқа-жеңін кеңіткендей болады. Теңіздіңаралдар төңірегіндегі тұсы көбіне бір орнынан міз бақпайтынмұздар құрсанған, ал қалған айдын ағыс пен желдің ырқындаерсілі-қарсылы жөңкіп жүретін санжылдық сіре сеңменсықалған.Қиын-қыстау жүзу мен қытымыр ауа райына қарамайжиһангез теңізшілер аралдардың бірінен соң бірін ашып,зерттей отырып, кейде олардан қоныс та теуіп Арктикағаасты. Мұзды мұхиттың ашық суы атымен жоқ, аудандарынзерттеп, судың әр қабатының температурасын, тереңдігін,құрамын өлшеу үшін, ондағы жануарлар мен өсімдіктерді,6теңіз табанының қыртысын барлау, ағыстың бағытын білуүшін көшкін мұзбен (ерікті, еріксіз) бірге жүзуге белбайлағандар да болды.Арктикадан жаңа аралдар ашу осы күні кешеге дейінжалғасып келді. Мәселен, 1881 жылдың өзінде Новосибирьархипелагынан терістікке қарай Жаннетта, Генриетта, Беннеттатәрізді кішігірім аралдар, 1913 жылы Таймыр түбегінентеріскей үлкен архипелаг ашылды.Онан кейінірек Карск теңізінен де шағын аралдар табылды.Алайда Арктиканың барлық аралдары белгілі деп кесіп айтуғаболмайды: мұхиттың сапырылысқан сеңдер аймағында ашықсумен де, көшкін мұзбен де жетудің ыңғайы жоқ аралдаржатуы әбден ықтимал. Сол сумен де, мұзбен де жетугеболмайтын Арктика аудандарын аспаннан зерттеуге самолетжаңа қолайлы құрал болды.Бар екені ауыздан-ауызға аңыз боп тарағалы да жүз елужылдың жүзі болған екі аралдың құпиясы күні бүгінге дейінашылған жоқ. Терісі бағалы аң мен терістіктің тағы бұғысынаулап, мамонт сүйегін іздеу үшін солтүстік-шығыс Сібірдіңжағалауларына жақын аралдарда болған жаужүрек кәсіпшілер,сол сияқты бірен-саран зерттеушілер терістікте сирек кездесетінашық күндері белгісіз бір аралдарды көріпті, бірақ оларғажете алмапты. Новосибирь архипелагының теріскейіндегіСанников жері және Қолыма өзенінің сағасынан теріскейАндреев жері солар болуы кәдік. Бұлардың біріншісі алыскөкжиекте оны сең арасынан алғаш көрген кәсіпші ЯковСанниковтың, екіншісі сержант Андреевтің атымен аталған.Мына роман сол аралдардың бірі – Санников жерін іздептауып, зерттеуге жасалған әрекет жайын суреттейді.Шығарманың ғылыми-ғажайып роман атану себебі автормұнда аралдың табиғаты мен халқы хақында оларды белгілітеориялық қағидаларға орай көз алдына келтіре отырыпәңгімелейді.7Оқырман Арктиканың кейбір аралдары, сең арқылы саяхатжасаудың жағдайы, беймәлім жерлердің табиғаты, онда тұрарболса адамдардың автор топшылаған тіршілік-тынысы туралымағлұмат алады. Осы кітаптың соңғы сөзінен оқырманСанников жері жайындағы болжамдарға байланысты кейбіркүмәнді мәселелерге жауап табады. Сөйтіп, аз да болсаСанников жерінің құпиясын ашатын, Арктикаданоқымыстылар тапқан тың жаңалықтармен танысады.

0
0
834

Осы тақырып бойынша