Мазмұнға өту
Обложка сообщества Политика

Бір-ақ күнде партияcын сатып жіберген адамнан барлық нәрсені күтуге болады

Құрметті оқырмандар!

Баршаңызды бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Отан қорғау деген жаугершілік кезеңде ғана емес, бейбіт күндерде де атқаратын тынымсыз жұмыстар. Оған жұмысыңды адал атқару, тәрбиелі, отаншыл ұрпақ өсіру, елге пайдалы істер жасау деген секілді әрекеттерді жатқызуға болады. Еліміздің іргесі берік, болашағы жарқын болсын дей отырып, назарларыңызды мына бір жәйтке аударғымыз келеді.

Қоғамда соңғы кезде Жанболат Мамайдың аяқ астынан Бауыржан Байбекке "соқтығысып", аттанға басып, айқай-сүрен салып отырғаны белгілі. Осыны өз пайдасына орайластырып, мәселенің байыбын түсінбей, істің ақ-қарасын ажыратпай, отқа май құюшылар да табылуда. Бұған "көктен іздегені жерден табылғандай", өмір бойы "оппозиция" сымақ Ермұрат Бапи де білек сыбанып кірісіп жүр. Өзі жетекшілік ететін «Дат» газетінде Байбекке қарсы материалдар жариялап, Мамайды қорғаған сыңай танытып жүр

Басқа басқа, бұл іске Ермұрат Бәпидің кірісетін жөні жоқ. Өзін "әділеттің жаршысы, еркін ойлы демократ" санап жүрген адамның бір жаққа бұра тартып, ақиқаттың аулынан аулақ кеткенін қалай түсінуге болады? Бұл журналистік этикаға жат қылық. Бәпи журналист болып жүріп, саясатқа бет бұрды. Алайда ол саясаттан да жалтарып, бір-ақ күнде партияcын сатып жіберген адамнан барлық нәрсені күтуге болады. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиянының (ОСДП) қандай іспен айналысқаны қалың көпшілікке мәлім. Бәпи әділетсүйгіш, шыншыл демократ болса, басқарып отырған партиясын ақшаға сатты дегендерді сотқа берер еді. Сірә, сатқаны рас болса керек. Өтірік мүләйімсіп жүрген Бәпиге әулие бола қалғаны жараспайды. Оның қандай адам екенін Аблязов та, басқалар да шегелеп айтты. Мұндай ақпараттармен интернеттен танысып, көз жеткізуге болады. Өзіне үміт артқан, сенім білдірген азаматтарды жарты жолда қалдырған жауапкершілігі жоқ адам, өзіне тағылған айыптармен келісе салатын «саясаткер» кімге опа бермек?

Оппозицияда жүрмін дейді. Көгерткен дүниесін ешкім көрмеді. Қандай тұщымды ой айтты? Мейлі, елге пайдасы тиетін іс демей-ақ қоялық, жібі түзу жоба ұсынды ма екен?  Қолынан келмейтіні бар "Көтере алмайтын шоқпарды белге байламауы" керек еді.  Жетекшілік ететін газетін айтар болсақ, жылайтын жағдайға душар болған. Кез-келген, өзін сыйлайтын басылым тексерілмеген, нақты дәлелі жоқ жалаң материалдарды жарияламайды. Жазықсыз жандарды қаралап, жұртқа жаманатты ету адамшылыққа да, азаматтыққа да жатпайды. Тіпті "саржағал" басылымдардың өзі де мұндай қадамға бармайды. Ермұрат Бәпидің жұртқа пайдасы тимесе де, негізсіз ақпарат таратып, қоғамды адастырып, ел ішіне іріткі салмағаны дұрыс.

0
0
614

Осы тақырып бойынша

Бір-ақ күнде партияcын сатып жіберген адамнан барлық нәрсені күтуге болады - Yvision.kz