Мазмұнға өту
Обложка сообщества Политика

Біздің президенттер Вашингтон мен Джефферсондай бола ала ма?

Фархад Қасенов, саясаттанушы

Бұрын томаға тұйық тып-тыныш жатқан Қазақстанның саяси өміріжаңа жыл келе қайнап кетті. Оған жыл басындағғы қауіпсіздікке қатысты күрделі мәселелердің әсер еткені баршаға аян. Саясаттағы бұрынғы әдіс – тәсілдердің түкке керегі жоққ болып қалды. Яғни оның жұмыс істемейтіні белгілі болды. Қазір қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың жаңа тетігін қалыптастыру барысы жүріп жатыр.Ал, қарапайым азаматтар болса,елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына нұқсан келтірмей, саяси жүйенің тұрақтылығын сақтауға үміттенеді.

Бұл тұрғыда демократиялық қоғам құру үшін авторитаризмге жол бермеу үшін алдыңғы саяси дәуірдің қандай қандай тұстарына сүйенуге болады? деген сұрақ туындайды.

Қалай дегенмен, еліміздегі демократиялық дәстүрдің нығаюына, оның қалыптасуына бұрынғы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек сіңргенін айта кетуіміз керек. Қазіргі уақытта оған қатысты яғни, ол басқарған тұстағы елдің жағдайы туралы қатаң сын-пікірлер мен ескертулер толассыз айтылып жатыр. Соған қарамастан, биліктен өз еркімен кетуді Қазақстанның тұңғыш президентінің өзі бастағанын екенін атап өткен жөн.

Тоталитарлық кезеңді бастан кешкен бұрынғы кеңестік қоғам үшін бұл сирек құбылыс. Бұрын мемлекет басшыларының ротациясы оның қартайып қайтыс болуына байланысты (КСРО, Өзбекстан, Түркіменстан) немесе экономикалық күйзелістен шаршаған азаматтардың көтерілісіне (Қырғызстан) қатысты ауысып отырған. Ал, Әзірбайжандағ билік әулеттен-әулетке өтіп жатыр. Бұл механизм Тәжікстанда, Түркіменстанда, Беларусьте іске қосылғаны белгілі. Онда қазіргі мемлекет басшыларының мұрагерлері тақтың негізгі үміткерлер ретінде бейресми түрде жарияланып қойды.

Ал, Қазақстан ол дәстүрден өзіндік тәжірибесімен ерекшеленеді. Өйткені Н.Назарбаев 2019 жылы президенттіктен өз еркімен кетті. Одан бұрын ол Конституциялық Кеңеске елдегі кез-келген азаматы сияқты президенттің де демалуға құқығы бар ма деген сұрау жіберді. Бұл жағдайда сыншылардың біздің елде де мемлекетті басқару әулеттен-әулетке өтеді деген болжамы расталмады. Кейін бұл мәселе мүлдем жабылды. Үш жылдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өзінің үндеуде өзінің зейнеткер екенін тағы бір мәрте растап, халықты қазіргі мемлекет басшысын қолдауға шақырды.

1999 жылы Борис Ельциннің тақтан бас тартуы жақсы үлгі бола қойған жоқ. Себебі, Ресей Федерациясында Владимир Путиннің билікке келуі заңда да, саяси тәжірибеде де бекітілген демократиялық реформалармен ерекшеленбеген. Керісінше, қатал авторитарлық режимнің орнауына әкелді. Басқаша айтқанда, Б.Ельцин саяси дәстүрді орнықтыра алмады, өйткені оның ізбасары оның бастамаларын мүлде жоққа шығарды.

Ал, Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаев республика президенті болып сайланғаннан бері сөзді іспен растай отырып, елдегі қоғамдық-саяси өмірді одан әрі демократияландыру қажеттігін талмай айтып келеді. Әрине, нақты өзгерістер бірден бола қоймағанымен, ақырындап алға жылжу бар. Маңыздысы қоғамда ол туралы оң пікір қалыптасып келеді.

Мәселен, қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қарапайым азаматтардың көбі бұзақылылар мен лаңкестердің арандатуына ұшырап зардап шекті. Ал, жазықсыз адамдарды жаппай қамауға алып, азаптаған кезде қоғам болып наразылық білдіріп, өре түрегелді. Сол тұста президенттің өзі әрбір істің ақ-қарасын анықтап, оның әділ шешілуін тапсырды. Осыған ұқсас жағдай Беларусьта да болғаны белгілі. Онда А. Лукашенконың диктатурасы сайлаушылардың бірнеше айға созылған наразылықтарына қарамастан өз азаматтарына қарсы қатаң шараларды күшейте отырып, өзінің барлық әрекетін дұрыс деп санады.

Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін билік өз қателіктерін тез мойындады. Құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерін айыптап, қоғам өкілдерімен мен бірден диалог құрды. Құқық қорғау органдарының бопсалау әрекеттеріне қарамастан, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен қарым-қатынас орнатуға тырысты.

Бұл ретте бір қызық жайтты айта кеткен жөн: Қ.Тоқаев басқару жүйесінде орын алып мәселелерге бар кінәні өзінен бұрынғы президентке артқан жоқ. Бірақ бәріне Н. Назарбаевты кіналағандар көптеп табылды. Осы ретте Қ.Тоқаев тұңғыш президенттің еліміздің дамуына сіңірген еңбегін мойындауға батылдық танытты. Сөйтіп, Тәуелсіз Қазақстан үшін Н.Назарбаевтың қателіктері болашақ ел басқаруға келетін тұлғалар мен саясаткерлерге сабақ болатынын атап өтті. Мұндай көзқарас тұңғыш президентке қарсы теріс пікірлер айтылып, інәлап жатқан кезде оның басқа елден пана ел іздеп кетпеуіне кепіл бола алады. Яғни, бұл кезінде билікті ерікті түрде бергеннің нәтижесі екені анық.

Алдағы алты жыл Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін бірқатар қажетті саяси дәстүрлерді қалыптастыратын уақыт болмақ. Бірақ олардың ішіндегі ең бастысы демократиялық қоғам үшін мемлекет басшысының билікте екі мерзімнен артық болуы мүмкін еместігі туралы норманың орнығуы болуы мүмкін. Бұл заңдылық өте ереже қарапайым болып көрінгенімен, кезінде отарлау саясатын бастан өткерген мемлекеттерде өте сирек кездеседі. Бұл ретте ондаған жыл билікте болған африкалық немес азиялық көшбасшыларды еске түсірсек жеткілікті.

Ал, бүкіл әлемде демократияның символы саналатын АҚШ-та Конституцияға енгізілген жиырма екінші толықтыру 1951 жылы өте танымал көшбасшы Франклин Делано Рузвельт қатарынан төрт мерзімге сайланған соң ғана қабылданды. Бірақ билікте болуды екі мерзіммен шектейтін саяси дәстүрді, мемлекеттің негізін қалаушы, АҚШ астанасыне есімі берілген бірінші президент Джордж Вашингтон бекітті. Бұл дәстүрді Томас Джефферсон жалғастырды. Ол осы орайды «Егер шенеуніктің өкілеттік мерзіміне қандай да бір шектеулер Конституцияда белгіленбесе немесе іс жүзінде жүзеге асырылмаса, онда ресми түрде төрт жыл іс жүзінде емес өмір бойы болуы мүмкін. " - деп жазды.

Қазақстанда 1993 жылдан бастап Конституцияның барлық нұсқаларында бекітілген бұл норма іс жүзінде жүзеге асырылған жоқ, енді демократия теориясын іс жүзінде іске асыру қажет. 2022 жылдың қаңтар айының соңында Қ.Тоқаев сұхбатында: «Мен қанша уақыт Қазақстан президенті болатынымды білмеймін, бірақ бір анығы Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артықемес. Яғни, оған сәйкес заңдарды, Конституцияны қайта жазу болмайды» -деп айтып кетті. Бұл айтылғандар жүзеге асатын болса, елдегі саяси үдерістердің барысын түбегейлі өзгертетін жаңа саяси дәстүрдің орнығуының алғашқы дәлелі деуге болады.

Тәуелсіздіктің отыз жылынан кейін Қазақстан ақырында саяси өмірдің нақты күнтізбесіне ие болды. Енді оның негізінде сайлау белсенділігі, сайлау үшін ресурстық базаны дайындау, азаматтардың дауыстары үшін өркениетті күрес жүргізуді алдын-ала болжауға, есептеуге болады. Бұл халықтың саяси жүйеге деген сенімінің өсуіне ықпал етеіп, елдің тұрақтылығын қамтамасыз етуіне септігін тигізбек.

Қазақстанда Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев негізін қалаған бастамалар мен олар салып кеткен жол сыртқы қауіп-қатерлерге қарамастан, Қазақстандағы мемлекеттілік институтын нығайтуға көмектеседі деп сенеміз. Елдің көкейінде өркениетті мемлекет болуды көздеген Қазақстанның алғашқы екі президентінің ұстанымы да Вашингтон мен Джефферсон принциптерінен кем болмайды деген үміт басым.

0
0
198

Осы тақырып бойынша