Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Бізге жоғары сапалы журналистика керек – Абаев

Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев халықпен кездесу барысында Қазақстанда сапалы журналистиканың қажеттілігі туралы айтты.

«Газеттердің түрлі тендерлерге қатысуын қамтамасыз ету үшін журналисттік білім болуы туралы шарттар бар. Өкінішке орай, бүгін ОҚО-да орыс тілінді журналистер дайындалмайды, орыс тіліндегі журналистерді басқа жерлерден тартуоңай емес, сондықтан бұл мәселені қарастыруыңызды өтінеміз. Оңтүстік Қазақстандағы бір университетке мемлекеттік тапсырыс бойынша арнайы орыс тілінде журналистерді дайындау үшін бір топ оқытуға болады ма? Қазіргі таңда өңірде орыс тілді журналисттер тапшылығы үлкен мәселе болып тұр», - деді Исмаилов.

Министрліктің басшысы министрліктің диплом үшін ғана мамандарды дайындауға мүдделі емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, журналистер ең алдымен таланты болуы керек.

Министр газет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды. Министрдің айтуынша, бұл мәселе сөзсіз шешіледі.

Бірақ аймақтық газетінің бас редакторының орынбасары өз сөзін жалғастырып, министрге журналистік білім туралы диплом болуы өажеттігі туралы ережені алып тастауды сұрады.

«Журналистік білім туралы дипломды мүлде ережелерден алып тастаса қалай болады? Журналистерді өзіміз дайындаймыз, бізде өте сауатты журналистер бар, бірақ біз оларға диплом бере алмаймыз. Бұл мәселе: «Біз үкіметтік тапсырыстар бойынша тендерге қатыса алмаймыз, өйткені бізде дипломы бар журнлисттер жоқ», - деді Исмаилов.

Өз кезегінде министр бұл мәселе турасында ойланып көретіндігін айтты.

«Мен сіздердің проблемаларыңызды түсінемін, кейбіреулер үшін журналистика білім емес, кәсіп. Мүмкін сіздерде жипломы жоқ, бірақ өте жоғары деңгейлі адамдар жқмыс істейтін болар. Бұл мәселені біз жергілікті билік органдарымен қарастырамыз», - деді министр.

1
0
711

Осы тақырып бойынша

Бізге жоғары сапалы журналистика керек – Абаев - Yvision.kz